Медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер С.-тен қарыз ақша өңдіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А. жауапкер С.-тен 17 000 теңге көлемінде қарыз ақшаны, 1 700 теңге айыппұлды және 187 теңге көлемінде мемлекеттік бажды төлеу бойынша жұмсалған шығынды өңдіріп беруді сұраған.

Алға аудандық сотының ұйғарымымен талап қоюшы А-ның арызы өңдіріске қабылданып, жауапкерге талап қою арызына пікір қалдыру үшін уақыт берілген.

Сотқа жауапкер С-тың тарапынан медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісім түсті, келесімнің шарттары бойынша жауапкер С. талап қою арызын мойындайды, талап қоюшы А-ға уақытылы 18 700 теңге көлемінде қарыз ақшаны өтеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы А. талап қою арызынан бас тартуында, тараптар келісімге келгендігі көрінуде.  

Сот ұйғарымымен, медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келсімнің бекітілуіне байланысты азаматтық іс сот өңдірісінен қысқартылды, келісімнің шаттары бойынша жауапкер С. талап қою арызын мойындады, талап қоюшы А-ға уақытылы 18 700 теңге көлемінде қарыз ақшаны өтеуге міндеттенді, ал талап қоюшы А. талап қою арызынан бас тартты. Талап қоюшы А.-ға 187 теңге көлемінде мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі