Медиацияның арқасында тағы бір отбасы сақталып қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында талапкер В.-ның жауапкер В.-ға берген некені бұзу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талапкер В. жауапкер В.-мен 2008 жылдың 6 маусым күні  заңды некеге тұрғандығын, осы некеден кәмелетке толмаған үш балалары бар екендігін, өзара түсіністік болмау себебіне байланысты жауапкермен бірлескен өмірі келіспегендіктен  некені бұзу жөнінде талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Сот отырысынлда тараптардың медиация өткізу барысында  талапкер В. және жауапкер В. ерлі-зайыптылар қатынастарын өзара сыйлаушылық және түсінушілік негізінде әрі қарай заңды некеде тұратындықтарын міндеттеніп, дауды реттеу жөнінде медиация келісімін бекітуді сұрады.

Тараптар  азаматтық істі  өндірістен қысқартуды сұрады.

Сот тараптармен келген медиация келісімді бекітіп,  азаматтық істі өндірістен қысқартты.  

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі