«Медиация ұғымы мен тарихы» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотының судьясы А.С.Төремұратова  Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінде «Медиация ұғымы мен тарихы» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар  өткізді.  

Аталған шараға мектеп мұғалімдері қатысты.  

Семинар барысында судья А.С.Төремұратова «Медиация ұғымы мен тарихы» тақырыбында баяндама жасады.

Мектеп директоры М.С.Жонысова мектептегі медиацияның үлестері мен мақсаты жөнінде айтып өтті.

Талқылау барысында шара қатысушылары мектептегі медиацияны дамыту бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында Ойыл аудандық сотының судьясы А.С.Төремұратова қатысушыларға алғысын айтып, медиация дамуына белсенді үлестерін қосуға шақырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі