«Медиация туралы» Заңын насихаттау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында «Медиация заңын насихаттау» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, кеңсе мамандары, ҮЕҰ-ның өкілдері Н.Ниязов, Д.Ержанов және Әйтеке би ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Ж.Қамбаров қатысты.

Өткізілген семинар аясында төраға А.Әбдіровтың баяндамасы тыңдалды, онда соңғы жылдары қоғамдағы үнемі дамушы демократиялық үрдістермен, заңнаманы жетілдірумен, қоғамның барлық субъектілері – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының соттарында жүктеме көбейгені айтылды. Осындай жағдайларда татуластыру рәсімдерін қолдану және дамыту өзекті болып табылады. Қоғам даудың тек сотта ғана емес, сондай-ақ сотқа жетпей шешілуіне мүдделі. Сондай-ақ, баяндамада медиацияның түсінігі мен қағидалары, судья медиатордың рөлі туралы атап өтілді.

Сонымен қатар, медиация сот ісін жүргізудің тиімділігіне жақсы әсер етеді, себебі соның арқасында соттың жүктемесі біршама азаяды. Сот болса, өз кезегінде, тараптардың сот процесінің барлық кезеңінде дауды реттеуіне жәрдемдеседі.

Семинар барысында қатысушалар өзара пікір алмасты, сондай-ақ берілген тақырыптың күрделі мәселелері талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қаралды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндіру берілді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі