Медиация тәртібімен татуласқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қандыағаш қаласының тұрғыны азамат Г.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «в» тармағы негізінде қылмыстық іс қаралды. Істің мән-жайына келсек, азамат Г., 2014 жылдың 03 ақпанында сағат 20.00 шамасында, арақ ішкен мас күйінде, «Жастық» мөлтек ауданындағы 38 «б» үйдің 33 пәтерінің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, кіре берістегі бөлмесіне кіріп, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатымен «JVS» маркалы қара түсті автомагнитоласын жасырын түрде ұрлап, жәбірленуші П.-ға 5 000 теңге материалдық шығын келтірген. Судья, сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартты.

Қаулы заңды күшіне енді.

                                                                                                                                                                             Ақтөбе облыстық сотының қызметі