Іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотымен талап қоюшы С.-ың жауапкер И.-ге неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы С. жауапкер И. аларындағы заңды некені бұзу туралы арызымен сотқа жүгініп, жауапкермен 1988 жылдан бастап заңды некеде тұрғандарын, осы некеден ортақ жасы кәмелетке толмаған екі баласы өзінің тәрбиесінде қалатындығын, өзара түсініспеушіліктерінің болмауы салдарынан өмірлері жараспағандықтарын, араларында мүлікке қатысты дауы жоқ екендігін көрсетіп, некені  бұзуды сұраған. 

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін, яғни жауапкер болашақта өз отбасын сақтау үшін барлық күш-жігерін салады, ортақ кәмелетке толмаған балаларын ерікті түрде асырап-бағуды өз міндетіне алады, ал талап қоюшы С. жауапкер И.-ге талап арыздан бас тартатынын көрсетті.

Ұйғарым заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі