Медиация процедурасының көмегімен отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотымен талап қоюшы Ж. мен жауапкер А.-ның араларындағы неке  бұзу туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында судья тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеуге мүмкіндік барын түсіндіргеннен кейін, тараптар отбасын сақтап қалу үшін   дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатпен жүгініп, соттан келісімді бекітуді  сұрады.

Сот, келісімді зерделеп, ҚР АПК-нің 277-278 бабымен, сонымен қатар «Медиация»Заңдарын басшылыққа алып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, төленген мемлекеттік баж бюджеттен талап қоюшыға қайтарып, азаматтық істі тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі