Мас күйінде көлік құралын басқарған үшін ауыл тұрғыны жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы М. 2017 жылдың 28 шілде күні сағат 02-40-шамасында,  Комсомол ауылы Желтоқсан көшесінде  маркасы Volkswagen Golf автокөлігін арақ ішкен мас күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы Жол қозғалыс ержесінің 2.4.2 тармағын бұзғаны анықталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы П. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі