Қытай азаматына әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қытай Халық Республикасының азаматы Z-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Z.  Қазақстан Республикасының аумағына келіп, уәкілетті органға тіркелген кезінде көші-қон карточкасына келу мақсатын «жеке» деп көрсетіп, Астана қаласындағы ІІД КҚБ-на барып, уақытша Астана қаласы, Орынбор көшесіндегі 55 үйге тіркелген, алайда тексеру кезінде ол 2017 жылдың 30 сәуірінен бері ол туралы уәкілетті органдарға хабарламай Ақтөбе қаласында  тұрған,  яғни тіркеу карточкасында көрсетілген мекен-жайда тұрмай,  ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлімінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан көрінген Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен шетелдік азамат 34035 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: