Қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Б. қатысты  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 188-бабының  1-бөлігімен  (ұрлық)  қылмыстық  іс  қаралды.       

Қылмыстық  іс  құжаттарына  сәйкес,  2017 жылдың  02 ақпан айында 16 сағат 00 минут шамасында,  Б. алкогольдік  ішімдік  ішкен мас күйінде,  Ақтөбе  қаласы,  Тлеу-батыр көшесінде орналасқан үйдің ас бөлмесінде әдейі, қасақана, ұрлау мақсатында,  яғни  бөтеннің  мүлкін  ұрлау  мақсатында,  жәбірленуші Н. өзінің  бөлмесінде  болғанын  пайдаланып,   жоғарыда  аталған   үйде  емін-еркін  жүріп,  оның  қылмыстық  ісін ешкім көрмейді деп,  «Gefest»  маркалы 8 000 теңге  тұратын  Н.  иелігіндегі  екікомфорттық   электорлық  плиткасын ұрлап,  оқиға  болған  жерден  бой  тасалаған.

Нәтижесінде   қылмыстық  құқықтың  салдарынан  Б.  жәбірленушіге  8 000 теңге  материалдық  шығын келтірген.

Сот  қаулысымен    Б.  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  Кодексінің   188-бабының  1-бөлігімен,   Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің  68 – бабының  1-бөлігіне  сәйкес,   тараптардың  татуласуына байланысты  медиациялық  тәртіппен іс өндірістен қысқартылды.  Қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі