Қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында қатысты, Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 420-бабының 1-бөлігімен А. қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Іс бойынша,  сотталушы К.  Ойыл ауданы Ойыл ауылынан Ақтөбе қаласына,  осы ауылдың тұрғыны Е-ның басқаруындағы автокөлігімен жолға шығып,  Қобда ауданы Калиновка ауылынан өте бергенде, автокөліктің сол жақ алдыңғы дөңгелегі жарылып, жол жиегіне сол жақ қапталымен ауып қалды, нәтижесінде сотталушы К. қабырға тұсына тән ауруын алған. Кейіннен сотталушы К. басқа автокөлікпен Ақтөбе қаласының ауруханасына барған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, сотталушы жауапталған, ол жалған айғақтар берген жағдайда ҚР  ҚК-нің 420-бабымен қылмыстық жауапты болатындығы жөнінде ескертілді, оған сотталушы К. анықтау амалдарының дұрыс бағытта жүргізілуіне қасақана кедергі келтіріп, бұрмалау арқылы адастыру жолына түсіріп, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген талаптарды ескеріп елемей, оларды бұза отырып, қылмыстық іс бойынша түпкілікті нақты, дұрыс процессуалдық шешім қабылдауға мүмкіншілік бермей, оған кедергі келтіріп, өзінің бұл әрекетінің заңға қайшы екендігін ұғына отыра, жалған айғақ берген.

Сот мәжілісінде сотталушы К. өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінді.

Сот сотталушы К-ны кінәлі деп танып,  оған бас бостандығынан шектеу түріндегі  жазасын тағайындады.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі