Қылмыстық теріс қылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) азамат К.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс материалына сәйкес, сотталушы К. Ырғыз аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігіне сәйкес көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған бола тұра, Ырғыз ауылы, Шахин көшесінің бойында «Уаз 22069 033» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарып, жол-полициясы қызметкерлеріне ұсталған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни алпыс сегіз мың жетпіс теңге айыппұл салу жазасы  тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі