Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен азамат А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Азамат А.  қылмыстық іс әрекеті салдары нәтижесінде, жәбірленуші Д. 5 400 теңге материалдық зиян келтірген. Сөйтіп, А. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат А. ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде, жәбірленуші жақпен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі