Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 419- бабының 3-бөлігімен (көрiнеу жалған сөз жеткiзу)  К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалына қарағанда, аз. К. 26.05.2016 жылы, қасақана ниетпен, көрінеу жалған сөз жеткізу мақсатында, құқық қорғау органдарына жазбаша арызданып, онда, Мұғалжар ауданы Жем қаласының әкімі Н. 25.05.2017 жылы оған тұрғын-үй қорынан пәтер беру үшін ақша түрінде пара сұрағанын алдын-ала бір бас қой талап еткенін көрсетіп, аз. Н. сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптаумен ұласқан қылмыс жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткізген.

Сот отырысында, аз.К. кінәсін мойындап, қылмыс  жасады деп көрнеу жалған сөзді ашу үстінде жазғанына өкінетінін, кешірім сұрағанын айтты.

Сот  үкімімен К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 419-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және ол 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі