Құжатсыз көлік басқарып, жол-көлік оқиғасын жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, ол көлік құралын жүргізу құқы жоқ тұлға бола тұра, 2017 жылғы 9 қыркүйекте шамамен 11 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласындағы Асау-барақ және Жангельдин көшелерінің қиылысында, «Lada 217030» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, ҚР Жол қозғалысы ережесінің 13.11 тармағының талабын бұзып,  екінші дәрежелі жолда келе жатып  басты жолмен жақындап қалған көлік құралына жол бермей, азамат Е-нің басқаруындағы «Hyundai» автокөлігіне соқтығысып, көліктердің бүлінуіне жол беріп, материалдық залал келтірген,  сөйтіп ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабының 3 бөлімінде (көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адамның жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын  бұзып, көлiк құралдарын  бүлдіруге әкеп соғып, материалдық залал келтiруі) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат Т. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК көлеміндегі 45 380 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі