Құқықтық оқыту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотының судьясы С.О.Дәріқұлова 11.09.2017 жылы «Шалқар  ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және кеңсе бас маманы  А.Нұрұдин «Сот кабинеті сервисі» және «Сот актілерінің орындалуы туралы» тақырыптарында   кездесу өткізді.

Кездесуге  бөлімнің  басшысы мен қызметкерлері  қатысты.

Судья С.О.Дәріқұлова өз баяндамасында Елбасының бағдарламалық мақаласындағы сот жүйесіне міндеттелген тапсырмалардың маңыздылығын атап өтіп, рухани жаңғырудың негізі ол ұлттық  мәдениетімізді сақтау деп    қорытындылады.

Аудандық соттың бас маманы А.Нұрұдин Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтындағы «Сот кабинеті» сервисінің  қолжетімділігін, тиімділігін  айтып, сонымен қатар сот актілерінің орындалуы тәртібіне тоқталды.                       

Кездесу  барысында судья бөлім қызметкерлерінің сұрақтарына қолданыстағы заңнама  талаптарына сәйкес жауап берді. 

Қатысушылар өз пікірлерін мен ұсыныстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі