Құқық бұзушы алты жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 4-бөлігімен (608-бабы 1, 2, бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) азамат Е.-ге қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес 03.09.2017 ж. сағат 22-00 шамасында Е., Ырғыз ауылы Сәрсенбаев көшесі бойында, «МТЗ-82.1» маркалы тракторын алкогольдік масаң күйде басқарып, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы азамат Е. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының  4-бөлігімен кінәлі деп танылып, алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып он бес тәулікке әкімшілік қамақ алу түріндегі жазаға тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі