Көшпелі дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айнұр Имантаева Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында «Қоғамдық келісім» ҚММ және «Медиаторлардың Ұлттық палатасы» РҚБ медиаторларының қатысуымен «Медиация бойынша пилоттық жоба» тақырыбында көшпелі дөңгелек үстел өткізді.

Судья А.Имантаева баяндамасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен татуластыру рәсімдерін кеңейту мақсатында ағымдағы ақпан айынан шілде айына дейін соттарда даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жоба іске асып жатқандығын атап өтті. Ағымдағы ай аталмыш жобаға қатысты қорытынды ай болғандықтан, сотпен бұл іс-шараны көшпелі қылып өткізу шешілген. Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен аталмыш пилоттық жобаның қорытындылары, оның тиімділігі және өзге де сұрақтар талқыланды. Судьямен осы істе ыстымақтастық үшін медиаторларға алғыс сөзі білдірілді. 

Пилоттық жоба мақсаты азаматтық іс жүргізуге даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу болып табылатындығын атай кеткен жөн. Пилоттық жоба қатысушылары жасөспірімдер істері жөніндегі мамандандырылған соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттар, мамандандырылған экономикалық соттар, сонымен қатар медиаторлар болып табылады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі