Көші-қон заңнамасын бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі және 2-бөлігінде (шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған төрт Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Іс материалдары бойынша, Өзбекстан Республикасының азаматтары 11.07.2017 жылы бақылау бекеті арқылы Қазақстан Республикасы аумағына  өтіп, көші-қон карточкасына келу мақсатын  «жеке мақсатта» деп көрсетіп,  12.07.2017 жылдан бастап «С.» ЖШС-де жұмысшы болып «А.» тас жолында жұмыс жасаған, Қазақстан Республикасында  еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алмаған. Сонымен қатар,  Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Арай 11521-де уақытша тіркеліп, 02.08.2017 жылдан бастап Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «А.» тас жолы бойындағы вагон үйде тұрып, тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмаған, мекен-жайын өзгерткені туралы қайтадан тіркеуден өтпеген.

Осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі және 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. 

Құқық бұзушылар-шетел азаматтары сотта жасаған құқық бұзушылықтарын  мойындады.

Соттың қаулыларымен Өзбекстан Республикасының азаматтары  ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасы шегінен бес тәулік ішінде өздігінен кетуі арқылы әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі  әкімшілік жазалар тағайындалды.

Соттың қаулысы  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі