Көші-қон талаптарын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабы                         5-бөлігімен  (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) азамат И.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, 05.07.2017 жылы сағат 11-30 шамасында аудандық ІІБ көші қон қызметімен тексеру барысында азамат И. Қазақстан Республикасына жеке мақсатпен келіп Актөбе қаласында жеке тұлғаларда  үй жұмысын  жасау үшін  Ақтөбе қалалық ІІБ-не тіркеліп арнайы рұқсат қағаз алғанымен, іс жүзінде Ырғыз ауданы Ырғыз-Шалқар тас жолының қиылысында орналасқан «Helios» жанармай құю бекетінде құрылыс жұмыстарын жасап  жатқандығы анықталған, сөйтіп И. өзінің іс-әрекетімен ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының талаптарын бұзып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы  5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен И. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі