Қорғау нұсқамасның талаптарын бұзды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ш-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. Сазды ПБ-мен азамат  Ш.-ға қатысты оның жұбайы А.-ны қорғау мақсатында оған  тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасамауға оның  қалауынсыз  қудалауға, қасақана құқыққа қарсы әрекет немесе  әрекетсіздік жасауға, денсаулыққа зиян келтіретін немесе  дене күшін және психикалық залал келтіретін әрекеттер  жасауға  тыйым салынған қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда,  азамат Ш. қорғау нұсқамасының талаптарын орындамай, өзінің жұбайы  А.-ның мазасын алып, оған балағат сөздер айтып, қорқытып, тыныштығын бұзған, сөйтіп ол ҚР ӘҚБ-нің  461-бабында  көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат Ш. ескерту түріндегі шара қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі