«Көлікті қайталап мас күйінде жүргізіп, қамауға алынды.»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан     Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, аз.Д. бұрын Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 2011 жылғы қаулысымен 2 жылға көлік құралдарын жүргізу құқынан айырыла тұра, жазасын өтегеннен кейін 1 жыл ішінде қайтадан, яғни 2014 жылдың наурыз айында ҚР Жол қозғаласы ережелерінің 2.7.1 тармағының талабын бұзып, «Ваз» автокөлігін мас күйінде басқарған, сөйтіп, азамат Д. ҚР ӘҚБтК-нің 467  бабының 4 бөлімінде  көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат Д. ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 4 бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 5(бес) жылға көлік құралдарын жүргізу құқынан айыру жазасы тағайындалды.

   Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                            Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.