Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру). қозғалған азамат М.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

2017 жылы 27 сәуір сағат 21-50 шамасында, құқықбұзушы М. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Канахин көшесінің бойында «ВАЗ-2121» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарды.

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сот  қаулысымен құқықбұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 608-б. 6-б. кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі