Көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен айыпталған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы  К. 24 маусым  2017 жылы Алға қаласында бұрын-соңды көлік жүргізу құқығынан айырылған күйінде, тағыда қайталап, автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде жүргізген.

Сот отырысында сотталушы  К. кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар, оның  кінәсі іс құжаттары мен куәгерлердің жауаптары негізінде толық дәлелін тапты.

Соттың үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 56 725 теңге көлемінде айыппұл салынып,  3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған, оған қоса К.-дан мемлекет кірісіне 14 119 теңге сот шығындары өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі