Көлік құралымен қарсы бағытқа жүріп, басып озу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында азамат Т.- ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596 -бабының 3-бөлігімен (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп  өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларында, жолдың журу бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) әкімшілік ісі қаралды.

Т.  25 мамыр 2017 жылы сағат 19.00 шамасында, Самара-Шымкент тас жолының 687 шықырымында «LADA» маркалы мемлекеттік белгісі 981 EVA 04 көлік құралын басқарып, Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережесінің 11.5.6 тармағының талаптарын бұзып, «Ваз 2114» мемлекеттік белгісі 404 04 көлік құралын басып озып, қарсы жүру жолағына шыққан.

Сот Т.- ға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 596-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танып,  1 (бір) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі