Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, ол 2017 жылғы  9 мамыр күні 23 сағат 30 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Әз-Наурыз көшесіндегі «Нектар» өндірістік кооперативі ғимаратының қарсысында, ҚР Жол қозғалысының белгіленген ережесінің 1.5.1 тармағының талаптарын бұзып,  мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған «Ymaha» автокөлігін  басқарған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  590 бабының 1 бөлімінде (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған көлiк құралын басқару) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Азамат О. сот қаулысымен кінәлі деп танылып, ол  11 345   теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: