Қол хат бойынша қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында талапкер Ә.-ның жауапкер Б.-ға қатысты қолхат бойынша қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот жауапкер Б.-ның талапкер Ә-дан қарызға 58 500 теңге сомасында тауар алып, оған бұл қарызын төрт айдың ішінде қайтаратыны туралы қолхат жазғанын анықтады. Бірақ жауапкер өз міндетін орындамаған, осы себеп бойынша талапкер Ә. жауапкер Б.-ға қатысты талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот жауапкерден талапкердің пайдасына тауар қарызы бойынша 58 500 теңге сомасындағы қарызын, 1 705 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж салығын және 10 050 теңге мөлшерінде өкілдердің қызметін, барлығы 70 255 теңгені өндіріп берді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі