Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-бабына, сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Ырғыз аудандық сотының өндірісінде көбінесе кездесетін ұсақ бұзақылық Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес - ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттерді жасағаны үшін заңмен он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу қарастырылған, ал 2-бөлігінде осы баптың 1-бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының азаматтары ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасап, заңды бұзатындарын түсінуге міндетті, аталған әрекеттерді жасағаны үшін оларға тиісті жаза қолданылғанымен, заң бұзушылықтың саны жылдан жылға артып келеді.

31.05.2017 ж. 20-00 сағатта М. Ырғыз ауылы Жангельдин көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiрiп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, А. лас сөздермен балағаттап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-бөлігінің негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 5 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі