Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотымен азамат М-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік іс қаралған.

Сотта анықталғандай, М. Бадамша ауылы Имашев көшесі №2 үйдің жанында шекілдеуік шағып, қалдығын жерге тастағаны үшін, оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот М.-ны  10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі