Қоғамдық орында әйелін балағаттағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында қоғамдық орында тәртіпті бұзған К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылдың шілде айының 6-күні сағат 18.00 шамасында құқық бұзушы К. Көп пәтерлі үйдің дәлізінде, яғни              қоғамдық орында заңды некедегі жолдасына  лас сөздер айтып балағаттап, тіл зәбірін берген. 

Осы қасақана әрекетімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, ашумен               арақ ішкенін, соның кесірінен жолдасымен керіскенін, қазіргі уақытта татуласқанын көрсетті.

Соттың қаулысымен  К. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі