Қоғамдық орында алкоголді масаң күйінде болған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды, ол бұрын бір жылдың ішінде екі рет қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келгені үшін әкімшілік  жауапкершілікке тартылған тұлға  бола тұра, 2017 жылғы 06 шілдеде  шамамен 11 сағат 00 минутта Ақтөбе қаласы, Земледельческая көшесінде, яғни қоғамдық орында масаң күйінде болған, сөйтіп ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының 4 бөлімінде (қоғамдық орындарда масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адамның сол әрекетті қайталап жасауы) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат Е. 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі