Қобда аудандық сотында сот қызметкерлер арасында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық  сотында кеңсе қызметкерлері мен сот отырысы хатшыларының қатысуымен «Сот отырысының хаттамасын аудио-бейне жазбаларды қолданып жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар сабағы  өтті.

Бас маман-сот отырысының хатшылары сот отырысы хаттамаларын әзірлеу мерзімдері мен тәртібіне тоқталды, сондай-ақ, «Төрелік» жүйесіне енгізу, электрондық хаттамамен тараптарды таныстыру және судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою, қажеттілігіне қарай көшірмесін жасау тәртібі жайлы айтты.

Сондай-ақ, сот отырыстары бойынша үзіліс жариялау, кейінге қалдыру басты сот талқылауын жалғастыру мәселелеріне қатысты сұрақтарды аудио-бейне жазу бағдарламасын қолдана отырып талқылады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі