Қобда аудандық сотында семинар-кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында кеңсе мамандарының және МКҚБ ММ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Қобда ауданы бойынша  өкілдерінің қатысуымен БАҚ өкілдерінің кәсіби әрекеттеріне байланысты техникалық құралдарды пайдалану бойынша семинар-кеңес өткізілді.  

Семинар-кеңесті сот төрағасы А.Т.Анарбаев өткізді. Қолданыстағы процессуалдық заңнаманың талаптарында, Қазақстан Ресбуликасының «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) мен Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігімен «Қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы өткізу және Жоғарғы Сотының ғимаратына және аумағына келушілер үшін объектішілік режимдерін, Қазақстан Республикасының жергілікті соттарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарында», сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану тәртібі нақты белгіленген.

Техникалық құралдарын пайдалану кино-, видео-, фото-, түсіру, тікелей радио - және телетрансляциясы мәселесі төрағалық етуші судьяның және сот отырысына қатысушы тұлғалардың пікірін ескере отырып шешіледі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі