Қобда аудандық сотында «Медиация Заңының қолданылуы» туралы тақырыпқа брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында  сот  төраға А.Т.Анарбаевпен, «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай  қатысуымен «Медиация Заңының қолданылуы» туралы тақырыпқа брифинг  өткізілді.

 Брифинг өту барысында сот төрағасы А.Т.Анарбаев, жеке және заң тұлғаларының қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және басқада құқықтық қатынастарының, жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу барысында медиацияның ерекшеліктері,  медиация процедурасын өткізу тәртібін және талаптарын айтты, және ағымдағы жылдың 9 айында  Қобда аудандық сотымен Медиация Заңын қолданып істердің медиаторлык келісім бойынша  12  қылмыстық іс,  21 азаматтық  және  40 әкімшілік  іс, істердің  қаралғандығын баяндады. 

Сонымен  қатар,  сотқа  жүгінуші азаматтарға   көмек ретінде    ғимараттың кіреберісінде медиация тәсілінің мән-жайы туралы ақпараттар ілінген және  медиация  бөлмесі  ашылған.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі