жм, 04/08/2017 - 13:21
Қобда аудандық сотымен 2017 жылдың 7 айында атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға сот төрағасы А.Т.Анарбаев және жергілікті БАҚ өкілі Г.Сингараева қатысты.
2017 жылы 7 айында аудандық сотымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған
Қобда аудандық сотымен 2017 жылдың 7 айында барлығы 22 адамға қатысты 18 қылмыстық іс, 197 азаматтық іс және 253 әкімшілік іс қаралған.
2017 жылдың 7 айында 218 электрондық талап арыздар, сот актілерін сұрату туралы 50 арыз «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы түскен.
Сонымен қатар іс-шара өту барысында сот төрағасы А.Т.Анарбаев, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» жобасы іске асырылып жатқанын және пилоттық жобаның мақсаты, жекелеген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуде азаматтық сот ісін жүргізуді енгізу, бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды (жандалдарды) реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау болып табылатындығын атап өтті.
Баспасөз мәслихатын қорытындылай келе, сот төрағасы А.Т.Анарбаев БАҚ өкілінің сұрақтарына жуап беріп, қатысқан үшін алғысын білдірді.
Ұқсас мәліметтер
- Қобда аудандық сотында «Сот кабинеті» мобильдік қосымша бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- Қобда аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
- Қобда аудандық соты «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы тақырыпта көшпелі семинар сабағын өткізді