Қобда аудандық сотында 2017 жылдың 6 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қобда  аудандық сотымен  2017  жылдың  6   айында    атқарылған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.   Жиынға сот төрағасы  А.Т.Анарбаев   және  жергілікті БАҚ  өкілі  А.Егизбай    қатысты.

2017  жылы  6  айында    аудандық   сотымен  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған

Қобда аудандық сотымен  2017   жылдың  6  айында      барлығы   20  адамға қатысты  16  қылмыстық іс,   192   азаматтық іс және   224   әкімшілік іс қаралған.

2017   жылдың  6  айында   192   электрондық талап арыздар, сот актілерін сұрату туралы   45    арыз «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы түскен.

Сонымен қатар іс-шара өту барысында   сот  төрағасы  А.Т.Анарбаев   , Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Сотқа дейінгі дауларды  (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» жобасы іске асырылып жатқанын және пилоттық жобаның мақсаты, жекелеген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуде азаматтық сот ісін жүргізуді енгізу, бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды (жандалдарды) реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау болып табылатындығын атап  өтті.

Баспасөз мәслихатын қорытындылай келе, сот  төрағасы  А.Т.Анарбаев    БАҚ өкілінің  сұрақтарына жуап беріп, қатысқан үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар