Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотымен аз. А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 б. 2 жасақталған әкімшілік ісі қаралды.  

Іс құжаттары бойынша аз. А. 2017 ж қыркүйек айында Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша а., Қарғалы аудандық ХҚКО ғимаратында алкогольдік масаң күйінде бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттерімен қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттерімен, ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы А. өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамадағы мән-жайлармен толығымен келісті. Болған жағдайға өкінді.

Сот қаулысымен аз. А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 б. 2 бөлігімен кінәлі деп танылып 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі