Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк  аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқыбұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша айып тағылған Мәртөк ауданының тұрғынын кінәлі деп таныды.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, 03.09.2017 жылы әйелімен ұрыс-керісіп кейін, қасына барып тұрған көршісіне былапыт сөздермен балағаттқанын растады.

Сот құқық бұзушыға жаза ретінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл тағайындады, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 819 бабы 2 бөлімін қолданып әкімшілік айыппұлдың мөлшесін  30 % азайтты, яғни түпкілікті 15 883 теңге айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі