«Әкімшілік құқық бұзушылықты дәрежелеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықты дәрежелеу туралы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға судьялар, Ақтөбе қалалық прокуратурасының өкілі, Ақтөбе қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің, оған қарасты Сазды, Заречный, Елек, Зауыт полиция бөлімдеріндегі басшылары, сонымен қатар,  Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі қатысты.

Шара барысында төраға м.а. С.У.Абишева құқық бұзушылықтарды қалай дұрыс дәрежелеу туралы, сондай-ақ  құқық бұзушылықтарды дәрежелеу кезінде жіберілетін әдеттегі кемшіліктер туралы баяндады.

Шараға қатысушылар тәжірибе барысындағы ахуалдармен бөлісіп, пікір алмастырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі