«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінде Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсеннің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу»  тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов, Мәртөк аудандық прокурорының аға көмекшісі С.Тажгулов, шекаралық қызметінің қызметкерлері Е.Нысанов, А.Нурманов,  С.Алпысбаев Б.Калдыбаев, Мәртөк аудандық ІІД көші-қон полиция басқармасының қызметкері Н.Оразбекұлы қатысты.

Аталған семинарды өткізудегі негізгі мақсат - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды  дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау.

Шарада  сот төрағасы М.Дүйсен  баяндама оқыды. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 804-бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға құқылы мемлекеттік мекемелерінің лауазымды адамдарымен әкімшілік хаттама Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 803-бабының 2-бөлігінің талаптарына сай жасақталмауы салдарынан, әкімшілік істер сотта негізсіз қозғалған болып есептеліп, іс өндірісімен тоқтатылады. Сондай-ақ, ол  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы» жасақтау кезінде туындайтын сұрақтар және істерді қарау барысында орын алған негізгі кемшіліктерге де тоқталып  өтті.

Сонымен қатар, шара барысында Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай полиция қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс толтырмауы және құжатты толық рәсімдемеуі салдарынан сотта қарау кезінде қиындық туғызатын  мәселелерді жан-жақты талқыланды.

 Шараның қорытындысы бойынша істерді рәсімдеу барысындағы атқарылатын жұмысты жақсарту бағытында ұсыныстар айтылды.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі