Әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Қодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (Бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) М.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, М.Т. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы М.Т. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Қодексінің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) тәулікке  әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сонымен қатар, оның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеу туралы Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің өтінішхатын сот қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі