Киік атып заңсыз аңшылық жасағандарға үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2) және 4)-тармақтарымен(Заңсыз аңшылық) киік атып аңшылық жасағандарға қатысты қылмыстық іс қаралды.       

Іс материалдарына сәйкес,  сотталушылар  Б. мен Н.  Шалқар ауданының аумағының далалық жерде автокөлікпен үйінен алып шыққан ішкі істер органында тіркелмеген аңшы мылтығын қолданып  әрқайсысының құны 1 361 400 теңге болатын екі бас аталық киікті соңынан қуып жүріп,  атып алып,  мемлекетке жалпы құны  2 722 800 теңгеге ірі залал келтіріп, заңсыз аңшылық жасағандығы анықталды.                       

Сотталушылар кінәларын толық мойындап келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне ешқандай дауласпайтындарын, жәбірленушіге келтірілген мүліктік зиянды қалпына келтіргендерін айтып, жәбірленуші өкілімен процестік келісім жасасуға келіскен.       

Соттың сотталушылар  ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2) және 4)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысын аңшылықпен айналысу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып,  екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын  шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзіге пробациялық бақылау белгіленді.

Іс бойынша заттай дәлелдемелер автокөлік қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде тәркіленіп, аңшы  мылтығы, оқ-дәрілер, оқ қаушақтары,  киік мүйіздері, пышақ, қол ара жойылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі