Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық соты   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының  5-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылған азамат Т.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

Істің мәні бойынша, азамат Т.  Өзбекістан Республикасы азаматы бола тұра, 22 маусым 2017 жылдың  Қазақстан Республикасы Ақтөбе қаласына келіп, бес күнтізбе күннің ішінде Ақтөбе облысы бойынша ІІД-нің миграция полициясында тіркелмеген. Сөйтіп азамат Т. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 5 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Құқықбұзушы Т. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаты үшін кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінді.

Сот азамат Т-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен 5 тәуілікке қамауға алу  түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі