Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында азамат Н.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 282 -бабының 8-бөлігімен (жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінде белгілеген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу) әкімшілік ісі қаралды.

 Жеке кәсіпкер Н. салық заңдылығымен белгіленген мерзімде 2016 жыл үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензиялық алымды   төлемей, 20.07.2016 жыл жағдайына 20 000 теңгені (05.07.2016 жылы), қалған 43630 теңге 12.10.2016 жылы кешіктіріп төлеген.

Сот отырысында Н. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап дүкеннің қызметін тоқтатқанын, салық есептілігін тоқтату жөнінде 16.05.2016 жылы салық органдарына арыз бергенін, заңда көзделген жауапкерішілік туралы білмегенін, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері айыппұл туралы ескертпегенін айтып көрсетті.

Сот азамат Н. ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабының 8 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 340 350 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді, құқық бұзушы толық көлемінде айыппұлды төледі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі