Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 3-бөлімімен  (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзуазаматша А.-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

 Істің құжаттарына сай, 19 тамыз 2017 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы Тлепбергенов көшесіндегі «А» азық-түлік дүкенінің сатушысы азаматша Е.  азамат С.-қа құны 1 100 теңге тұратын 2 дана 1,5 литрлік «Большая кружка» маркалы сыраны-алкогольдік ішімдігін сатып, бөлшек сауда арқылы өткізген.

Сөйтіп, «А» азық-түлік дүкенінің иесі жеке кәсіпкер азаматша А., алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы өткізген.

Сот отырысында аз.А.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктермен және де іс құжаттарындағы басқа да  материалдармен толықтай дәлелін тапты.

Сот қаулысымен аз.А. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған алкоголь өнімін бөлшек саудада сату жөніндегі қызмет түріне лицензияның қолданысын 3(үш) күнге тоқтата тұрып, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 90 760 (тоқсан мың жеті жүз алпыс) теңгеге  айыппұл салу түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі