Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамағаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат И. бұрын көлік басқару кезінде қауіпсіздік белгісін пайдаланбағаны үшін жауапкершілікке тартыла тұра, қайтадан  2017 жылғы 30 сәуірде, шамамен 16 сағат 50 минутта, Ақтөбе қаласындағы Есет-батыр көшесінде, «Toyota Land Cruiser Prado» көлігін басқару барысында қауіпсіздік белгісін пайдаланбай, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593 бабының 8-бөлімінде (көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап сақтамауы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.             

Сот қаулысымен азамат И. кінәлі деп танылып, ол 22690 теңге айыппұл түріндегі  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: