Қарғалы аудандық сотының ұйымдастыруымен Қарғалы аудандық тарихи өлкетану музейінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға сот төрағасы Н.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, тарихшы Л.Н.Ильчевская, аудандық кітапхана қызметкерлері Г.К.Какенова, Ж.М.Мусина, аудандық жастар орталығының директорының м.а. А.Ж., Түлкібаев,үкіметтік емес ұйым мүшесі А. Жанықұл., ардагерлер ұйымының төрағасы С.Бисенов, тарихи өлкетану мұражайының қызметкерлері А.Т.Суингарина, К.С. Тасымова және БАҚ өкілі К.Т. Байханова қатысты

Іс-шара барысында сот төрағасы Н.Аманкулова  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мазмұндылығы мен ауқымдылығын атап өтті. Мақалада тұтас қоғамның және әрбір Қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен. «Мемлекет саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді және әлемнің дамыған 30 елінің  қатарына кіру мақсатында, рухани байлықты көбейту қажет. Мемлекет басшысы біздің ата-бабаларымыз құрған және қорғаған тарихи мұраны, тұтастықты, бірегейлікті, мемлекетіміздің мызғымастығын сақтауға баулыды. Бүгін, әрқайсымыздан оны одан әрі дамыту үшін үлкен үлес қосуды талап етеді», - деп көрсетті.

Л.Ильчевская өз баяндамасында мақалаға кеңінен тоқталып, қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуы туралы айтты, сонымен бірге ұлттық салт – дәстүр, тіл және музыка, әдебиет – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух бізбен мәңгі бірге болу керектігін атап өтті.

Іс-шара соңында Н.Аманкулова Президентің мақаласы еліміз үшін  маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті. Қатысушылар тақырып аясында пікір алмасты.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі