Қарғалы аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбына семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасының м.а. А.Қ.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісінің м.а. Г.К.Бижанова, кеңсе мамандары және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Семинар барысында сот төрағасының м.а. А.Қ.Шарипбаев өткізіліп отырған іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын айқындап, сот ісін жүргізудің тілін таңдау еріктілік қағидасын ұстану істің мән-жайларын дұрыс анықтауға, заңды және негізделген шешімдерді шығаруға жағдай жасап, сот қорғауының қол жетімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. Г.К.Бижанова сөз сөйлеп, шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде жіберілуіне назар аударды. Сонымен қатар, семинар аясында істерді мемлекеттік тілде қараудың сапасын әрі қарай арттырудың мәселелері талқыланды. Сындарлы диалог барысында іс-шараға қатысушылар сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану кезінде туындайтын мәселелерді талқылап, ұсыныстарды қабылдады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі