Қарғалы аудандық сотымен көлік құралы салығы бойынша берешектер өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық соты өндіріп алушы «Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»ММ-нің борышкерлерден көлік салығы бойынша берешектерін өндіру туралы  арыздары бойынша 6 азаматтық ісін қарады.

Борышкерлерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарламалар уақытылы тапсырылған, алайда берешектер төленбеген. ҚР АПК-нің 135 бабының 5 тармағына сәйкес сот бұйрығы жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегін және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша шығарылады.

ҚР Конституциясының 35-бабына сәйкес Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.Осыған байланысты борышкерлерден мемлекет пайдасына көлік құралдары салығы бойынша берешектерін өндіру туралы 6іс бойынша  сот бұйрықтары шығарылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі