Хромтау аудандық сотында «Сотпен шығарылған жеке қаулылардың орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге аудандық сот судьялары Хромтау аудандық прокуратурасының прокуроры А.Махмудов, Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет бойынша орынбасары Ж.Жексенбаев, учаскелік инспекторлар Д.Азембайулы, Ж.Абдысаликов, Б.Орынбасар, Д.Досманов қатысты.

Сот төрағасы А.Балмұханов өз сөзінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс қозғау кезінде және істерді сотқа жолдау кезінде қызметтік міндеттерін тиісті түрде орындамаған  лауазымды тұлғаларға қатысты соттар қолданатын ден қою шаралары қаралып, соттардың әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқтығына байланысты және әкімшлік жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кетуіне байланысты әкімішілік құқық бұзушылық туралы істерді қысқарту фактілерін атап өтті. Әкімшілік заңнаманы бұзудың барлық  фактілері бойынша Шалқар аудандық сотының судьялары жеке қаулылар шығарған. Оған ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырғанда және әкімшілік істерді сотқа жолдағанда заңнаманы өрескел бұзуы негіз болған.

Өз баяндамасында аудандық сот судьясы Е.Жеткерген сөз сөйлеп жеке қаулылар мен ұйғарымдарды орындау мәселелеріне ерекше назар аударды.Жеке қаулылар мемлекеттiк мекеме қызметкерлерінің кәсіби  міндеттерін орындаудағы ұқыпсыздығына қатысты болып отыр. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар өткізілген іс-шараның өзектілігін, сондай-ақ аталған кездесу әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырғанда және әкімшілік істерді сотқа жолдағанда туындайтын көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі